RU

СҚО-да 12 жасар балаға найзағай түсіп, оны құтқармақ болған екі тұрғын тіл тартпай кетті

СҚО-да 12 жасар балаға жай түсіп, оны құтқармақ болған екі тұрғын тіл тартпай кетті деп хабарлайды Sputnik Казахстан басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға 16 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан ауданы Бидайық ауылы маңында болған. Дәл сол уақытта өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнаған.

ТЖҚ мәліметі бойынша, 2005 жылы туған бала жай түскен кезде мал бағып жүрген. Оны көріп қалған тұрғын ауыл округінің әкімі мен "жедел жәрдем" қызметін шақырады.

"Олар балаға найзағай түскен жерге жақын маңда тұрған. Дәл сол сәтте екінші рет жай түсіп, екі адам тіл тартпай кетті: бірі "жедел жәрдем" көлігінің жүргізушісі, екіншісі көмекке шақырған тұрғын", - деп мәлімдеді ТЖҚ.

Тағы оқыңыздар: Египет соты бірден 31 адамды өлім жазасына кесті

Қазіргі таңда олардың мәйіті медициналық сараптама жасау үшін зертханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527296-sqo-da-12-zhasar-balagha-zhay-tusip-ony-qutq.html