RU

Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық ұзаққа созылмақшы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөліктерінде қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында түнде жел 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев ҚазҰПУ-дың жаңа ректорын тағайындады

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында жел 18 м/с болады. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Тағы оқыңыздар: Египет соты 31 адамды өлім жазасына кесті

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қатты ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527413-qazaqstannynh-birqatar-onhirinde-apta.html