RU

Астана тұрғындарының мазасын алған "москвалықтарға" айыппұл салынды

Астанада беймезгіл уақытта тұрғындардың мазасын алған түнгі клуб басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды BAQ.kz.

Мекеменің шуылы туралы екі тәулік бойы Жедел басқару орталығына толассыз шағымдар келіп түскен. Бұған дейін қоғам қайраткері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде «Москва» бизнес-орталығындағы мекеменің түнгі уақыттағы шуылына наразылық білдірген еді.

Өз кезегінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев экс-мәжілісменнің дабылына жедел жауап қайтарды.

«Қабылданды. Мұндай жағдайда полиция батыл болуы тиіс. Шара қолданамыз», - деді ол.

Көп ұзамай, Астана қаласының жергілікті полиция қызметі тәртіп бұзушылардың бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар: Нью-Йорктегі шымкенттік полицей Димаш 11-ші жеңісіне жетті (фото) 

«16 маусым күні «Москва» бизнес орталығында жаңа клуб ашылды. Сол түні сағат 02:00-де 102 пультіне жақын маңда тұратын қала тұрғындарынан тыныштықты бұзу туралы шағым түскен. ІІД Жедел басқару орталығының кезекшісі оқиға орнына кезекші учаскелік инспектор, полицияның аға лейтенанты Ділмановты жіберген. Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 437-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, клуб басшылығына 22690 теңге көлемінде айыппұл салған», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527558-astana-turghyndarynynh-mazasyn-alghan-m.html