RU

Аптасына үш рет қана тамақтанатын отбасы әлем назарын аударды (фото)

Адамдар көбінесе арықтау мақсатында тамақтанудан бас тартатын еді. Кейбірі ауруы асқынған кезде арнайы диета ұстап, емделуге тырысады. Алайда, әлемде тамаққа тәуелді болғысы келмейтін отбасы да бар екен деп хабарлайды Qamshy.kz.

Калифорния мен Эквадордың аралығын мекен еткен отбасы өздерін тамаққа тәуелді емес екенін айтады.

34 жастағы Акахи Рикарда мен 34 жастағы Камила Кастеллоның сөздерінше, олар күннің энергиясымен қуаттанады екен.

Жас отбасы аптасына 3 рет қана тамақтанады. Сирек тамақтану - олардың өмірдегі басты қағидасы.

Тағы оқыңыздар: Нью-Йорктегі шымкенттік полицей Димаш 11-ші жеңісіне жетті (фото) 

2 баланың анасы Камила тіпті аяғы ауыр кезде де аталған қағидадан бас тартпаған. Ол тұңғышына жүкті болған кезде 9 айдың ішінде бес рет қана тамақтаныпты.

Оның айтуы бойынша, сол кезде оның баласы өзінің махаббатымен қоректенген екен. Онымен бірге ол дұрыс дем алу жаттығуларын істеу арқылы баласын аман-сау дүниеге әкелген.

Камила осыдан біраз жыл бұрын күйеуі екеуінің мүлдем тамақ жемеген күндерін еске алып, сол уақытта өте бақытты болғанын айтады.

Тағы оқыңыздар: ОҚО бас дәрігері «показуха» үшін жүрген қызметкерлерін жұмыстан қуып жатыр

«3 жылдай уақыт Акахи екеуміз ештеңе жемедік. Ал қазіргі кезде сирек тамақтанамыз. Кейде мен жеміс-жидек жегім келеді. Сол уақытта отбасымызбен бірге жеміс-жидек немесе басқа да жеңіл тағам түрімен тамақтанамыз. Айтпақшы, жүктілік кезіндегі тексеріс нәтижелері өте керемет болды, мен дені сау балаларды дүниеге әкелдім»,- деп қуанышымен бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмахан өзін тілдеген оқырмандардан "ауыздарына ие болуды" сұрады

Олар алғашында тек көкөніспен ғана тамақтанса, қазіргі кезде тамақты шикілей жейді екен. Жас жұбайлардың айтуына қарағанда, олар аштық сезімнің не екенін білмейтін көрінеді. Олардың тәжірибесіне сүйенетін болсақ, тамақты қаншалықты көп жесең, соншалықты жиі қарның ашады, және керісінше.

Қазіргі кезде бұл отбасы тамаққа аса көп қаражат жұмсамайды. Оның орнына олар жиі саяхаттайды, білім алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527574-aptasyna-ush-ret-qana-tamaqtanatyn-otb.html