RU

Диплом алу рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасаған курсант елді сүйсінтті (фото)

Петропавлда әскер институт түлектеріне диплом тапсыру рәсімі кезінде курсант Асхат Сайрамбаев сүйген қызына ұсыныс жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Офицерлік вальс кезінде курсант Асхат Сайрамбаев жұп болып билеп жүрген сүйіктісі Әйгерімге тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

Бойжеткен келісімін бергеннен кейін сарбаз оның саусағына жүзік салды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтында салтанатты жағдайда 209 түлекке диплом мен лейтенаттық погондар тапсырылды. Оның алтауы әскери институтты үздік бітірді, ал тағы бір түлекке "Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін" төсбелгісі табыс етілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527582-diplom-alu-rasiminde-suyiktisine-usy.html