RU

Астанада өтетін Димаштың жеке концертіне Алла Пугачеваның қызы келе жатыр

Танымал Ресей әншісі мен актрисасы Кристина Орбакайте, сонымен қатар, "Евровидения-2012" байқауының жеңімпазы Лорин қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетеді.

Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында 27 маусымда "Астана Арена" стадионында өтетін Bastau live show концертінің афишасын жариялады.

"Менің #Bastau-ымның құрметті қонақтары! 27 маусым Сіздермен кездесуге асықпын! Билеттер Астанадағы барлық кассаларда!", — деп жазған ол.

Бұдан бұрын Димаш "Славянский базар" конкурсында "Опять метель" әнін орындаған болатын. Осы шығарманы бұдан бұрын Кристина Орбакайте мен оның анасы – Ресей эстрадасының примадонасы Алла Пугачева орындаған.

Сондай-ақ, концертте қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, қытайлық орындаушы Терри Лин және британ әншісі Софи Эллис-Бекстор өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527657-astanada-otetin-dimashtynh-zheke-koncer.html