RU

Алматыдағы жол апатында екі аяғынан айырылған бойжеткен ауыр халде жатыр

Алматыда жол-көлік оқиғасында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваға қажетті көмек көрсетіліп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Бойжеткен мен оның құрбысы 16 маусымда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан зардап шеккен болатын. Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, қыздар екі бөлек ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта Парафиева Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатыр. Шұғыл ота жасалғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.

Дәрігерлер қазіргі уақытта интенсивті терапия жасалып жатқанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Астанада өтетін Димаштың жеке концертінде кімнің өнер көрсететіні белгілі болды

"Барлық сала бойынша маман консилиумға қатысып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Екатеринаның жағдайы бірте-бірте жақсарады. Сондай-ақ, науқастарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші мамандар жұмылған. Олар барлық қажет болған препараттармен қамтамасыз етілген. Науқастардың жағдайы түзеледі деген үмітіміз бар, одан кейін реабилитация жүргізіледі", - деді басқармадағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527680-almatyda-bolghan-oqys-zhol-apatynda-qos.html