RU

Маңғыстау түлектері бітіру кешінен бас тартып, 400 мың теңгені науқас қызға берді (фото)

Маңғыстау облысы, Аңшұңқыр ауылындағы мектеп-лицейінде бітіру кеші болмады. Салтанатқа деп жиналған 400 мың теңгені олар бесінші сынып оқушысы Әминаға берді деп хабарлайды Тумба.kz сайтына сілnеме жасап NUR.KZ.

Екі жыл бұрын дәрігерлер кішкентай қыздың миынан ісік тауып, ота жасады. Бір өкініштісі, бүлдіршін көру қабілетінен айырылған.

Көру мүмкіндігін қайта қайтаруға болады, қыркүйек айында Әминаға Уфада ота жасалынады.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО көрмесінде туристерді таңғалдырған ең үздік бес павильон (фото, видео)

Жарық әлемді қайта көру бүлдіршін үшін ғана үлкен сый емес, кешегі бітіру кешін кейін шегерген 45 түлек үшін зор бақыт болмақ.

Фото: tumba.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527724-manhghystau-tulekteri-bitiru-keshinen-b.html