RU

Үйіне ұры түскен отандық әнші полицейлердің салғырттығына күйінді

Әнші және актриса Сая Оразғалиеваның пәтеріне ұрылар түскелі бір аптадан асты, бірақ полиция қылмыскерлердің ізіне әлі түспеген деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Полиция қызметкерлері маған "өзің кінәлісің, үйіңдегі бейне бақылау камерасының видеосын бекер салдың дейді. Өздерін таныған қылмыскерлер із-түзсіз жоғалып кеткен", - деп айтты", - дейді Сая.

"Меніңше, бұл ұрыларды тезірек табуға көмектесуі тиіс еді. Қылмыскерлерді іздеу жұмысы баяу жүрмегенде оларды сол күні-ақ құрықтайтындай мүмкіндік болды", - деп ашынды ол.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау түлектері бітіру кешінен бас тартып, 400 мың теңгені науқас қызға берді (фото)

"Инстаграм парақшамдағы видеоны көрген тіркелушілерім ол жігіттерді көргендерін айтып, тіпті олардың мекен-жайларын атады. Бірақ, полиция бұған мүлдем мән бермейді. Неліктен бұлай болып жатқанын түсінбеймін?" - дейді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527733-uyine-ury-tusken-otandyq-anshi-policey.html