RU

Ақтөбе әкімі тәртіптік кеңеске қырын қарағаны үшін басшылықтан кешірім сұрап жүр

Ақтөбедегі мемлекеттік қызметкерлердің әдептілігін бақылап отырған Әдеп кеңесінің төрағасы Қайыржан Тоқышев желіні шулатып жүрген қала әкімінің мәселесін қарамақшы деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Қала әкімін шақыруды жоспарға қоямыз. Әдеп жөніндегі кеңестің есебі жоспарға қойылып барып жасалынады. Одан кейін ол кісі маған келді. Облыс әкімінің жиналысында болғанын айтты. Кешірім сұрап: «Кешіріңіз, мені сынапсыз», - деді. Мен телефон және әртүрлі байланыс құралдары бар екенін, келмейтін болса, алдын ала айту керектігін ескерттім. Бүгін ол келмейді, ертең басқа келмейді. Сонда Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы қалай болады? Сондықтан ол кісімен қатты сөйлестік», - дейді Әдеп кеңесінің төрағасы Қайыржан Тоқышев.

Қала әкімінің қарамағындағы қызметкерлер облыс басшысымен бірге жүргендіктен, қолы босамағанын айтып ақталған. 

«Өзі келмесе орнына орынбасарын жіберу керек еді. Тәртіп солай. Сондықтан төраға ретінде үн-түнсіз отырғаным дұрыс емес. Сынның сол себепті айтылғанын ескерттім. Бірақ, бұл болашақта айтылып қана қалмайды. Мен мұны екінші жарты жылдықта есепке кіргіземін. Аудан әкімдері есеп беріп жатыр. Ол кісі де сол секілді есеп беру керек», - деді Тоқышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527795-adep-kenhesine-barmay-qalyp-shu-shyghargha.html