RU

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен сегіз жасар бүлдіршін әлі табылмай жатыр

14 маусым күні Бесікті ауылында жоғалып кеткен сегіз жасар Айкөркемді полицейлер, сүңгуірлер және ауыл тұрғындары іздестіруде. Еске салайық, сол күні сағат 17.00 шамасында ол Бесікті орта мектебі жанындағы лагерьден шығып, үйіне бағыт алған деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Айкөркемнің тәрбиешісі Сағадат Молдағалиеваның айтуынша, лагерьден тараған Айкөркемнің үйіне барғанын көршілер де көрген.

"Ата-анасы қалада жұмыс жасайды екен, үйіне келгеннен кейін кешкі асқа іздеген. Бірақ, еш жерден таппаған, содан кейін полицияға хабарлаған. Бізге жоғалып кеткені туралы кешкі 21.00 шамасында хабар жеткенде, бүкіл ауыл болып оны таңға дейін іздедік", - дейді тәрбиеші.

"Былай қарағанда, бала лагерьден шығып, үйіне барып, кейін қайта шыққан. Біз жауапкершіліктен қашқақтап тұрған жоқпыз, бірақ бұл жерде тәрбиешілердің кінәсі жоқ сияқты. Біз бірінші күні-ақ балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік", - деді сөзға араласқан тағы бір тәрбиеші Лида.

Тағы оқыңыздар: Киркоровтан қалғысы келмеген бұрынғы депутат 50 жасын дүркіретін өткізді

Бесікті орта мектебі жанындағы лагерьдің басшысы Гүлайым Шоқанова 1 және 4 сынып оқушыларына арналған мектеп жанындағы лагерьдің екінші кезеңі сол күні басталғанын айтты. 14 маусым - Айкөркемнің лагерьдегі алғашқы күні болатын.

"Айкөркем лагерьде өзін жақсы ұстады. Балалармен ойнады. Жалпы, лагерь таңертеңгі 08.30-дан кешкі 17.30- ға дейін жұмыс жасайды. 17.00 мен 17.30 аралығында балалар жинақталып, үйлеріне тарай бастайды. Тәрбиешілер бір көшеде тұратын балаларды бір-біріне тапсырып, ертіп жібереді.

Айкөркем қарсы көшеде тұратын қызбен кетіп бара жатқанда, қасындағы қыздың әжесі кездесіп, Айкөркемнен «Өзің барасың ба?» деп сұраған. Ол үйіне 17.30-да келген, бірақ, үйінде ешкім болмаған көрінеді", - дейді лагерь басшысы.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау түлектері бітіру кешінен бас тартып, 400 мың теңгені науқас қызға берді (фото)

Ауыл Жайықтан бір шақырымға да жетпейтін жерде орналасқан. Жағада адам көп, полицейлер де, ауыл тұрғындары да.

"Алып-қашпа әңгіме тарап жатыр ғой. Біз ештеңе дей алмаймыз. Кұзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Барлық көршілер табылса деп тілеп отыр", - деп қысқа қайырды тұрғындар.

Тағы оқыңыздар: Үйіне ұры түскен отандық әнші полицейлердің салғырттығына күйінді

Полицейлерден бір нәрсе білу мүмкін болмады: олардың біреуі өзін Артур Ербөлеков деп таныстырып, бұл жерде тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Жағадағы учаске лентамен қоршалған, сол себепті тілшілерге бұл жерден кетуді өтінді.

Жағаның басқа бетінде тағы да бірнеше жиналған адамдар мен құтқарушылардың қайықтары көрінеді.

Кішкентай Айкөркемнің жоғалғаны туралы алып-қашпа әңгімелер мен әртүрлі жорамалдар жүріп жатыр. Бірақ, әлі де ресми хабарлама жария болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527899-atyrauda-zhumbaq-zhaghdayda-zhoghalyp-ket.html