RU

Баян Есентаева өз отбасында еркек басты рөл атқаратынын айтып мақтанды (фото)

Ел аузынан түспейтін Баян Есентаева өзінің отбасын әлемдегі мінсіз отбасылар қатарына жатқызды. Ол отбасында ер адамның рөлі бірінші орында тұратынын және соңғы сөзді отағасы айтатынын жеткізді.

Баян Есентаева Instagram парақшасына отбасы туралы кезекті жазбасын жариялады.

"Әлемде мінсіз отбасы болар болса, онда ол - біздің отбасы. Біздің отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлайды, әкеміз ең дана, отбасындағы ең басты адам, ең сүйікті жан - анамыз, ал әпкелі-сіңлілер болса ең жақын құрбыдай сырласады.

Тағы оқыңыздар: Ел алдына жаңа образбен шыққан Еркені жұрт Баянмен шатастырып алды (фото)

Отбасымызда әкеміз үйге келмейінше, дастархан басына ешкім отырмайды, мұнда соңғы сөзді ер адам айтады. Бұл - берекелі, бақытты отбасы. Ал мен болсам, әлі де анамның кішкентай ғана қызымын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1527932-bayan-esentaeva-eger-alemde-minsiz-otb.html