RU

Адамдардан қарсылас таппаған Майкл Фелпс акуламен жарыспақшы

Олимпиада ойындарында 23 рет чемпион атанған америкалық жүзгіш Майкл Фелпс акуламен жарыспақшы деп хабарлайды Vice Sports басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Осы уақытқа дейін әлемде болмаған сайыс 23 шілдеге жоспарланған. Алайда, бұл шараны ұйымдастырушы Discovery телеарнасы жарыстың қайда өтетіні туралы хабарламады.

Басылым атап өткендей, акула сағатына 40 шақырым, Фелпс сағатына 10 шақырым ғана жүзе алады екен. Сол себепті адам мен жыртқыш жануардың арасындағы сайыстың форматы әлі нақтыланбапты.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуінен айырылды

Рио-де-Жанейро-да өткен Олимпиададан кейін өзінің карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген Майкл Олимпиада ойындарының трихындағы ең атақты спортшы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528030-adamdardan-qarsylas-tappaghan-maykl-f.html