RU

ШҚО-да әйелінің көңілдесі бар екенін білген ер адам жұбайын пышақтап өлтірген

ШҚО-дағы, Зырян ауылының 55 жастағы тұрғыны жас көңілдесі туралы айтқан әйелін бауыздап тастаған деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жұбайлар қонақта отырып, арақ ішкен. Үйден шыққан соң, әйелі ары қарай жүруден бас тартып, араларында жанжал болады. Кикілжің барысында әйел адам өзіне жас жігіт тауып алғанын және соған кететінін айтады.

Алданған ер адам басында абыржып қалып, кейіннен өзімен бірге алып шыққан пышағын шығарған. Ашулы еркек әйелінің кеудесі мен ішіне пышақ салады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған, ал қанішер пышағын тастап, үйіне барып ұйықтап қалыпты.

Тағы оқыңыздар: Адамдардан қарсылас таппаған Майкл Фелпс акуламен жарыспақшы

Полиция әйелдің денесін тапқаннан кейін, оның аты-жөнін анықтап, бірден күйеуінің үйіне барады. Ол болса өз қылмысын мойнына алып,  оқиғаның қалай болғанын айтып берген.

ШҚО-ның қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық соты зыряндықты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Шешім әлі күшіне енбеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528051-shqo-da-ayelininh-konhildesi-bar-ekenin-b.html