RU

Әйгілі топ-модель көзіне шөп салған миллиардер күйеуін тастап кетті

53 жастағы топ-модель Эль Макферсон миллиардер күйеуі Джефф Софферді төрт жылдық некеден кейін тастап кетті деп хабарлайды сomode.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Макферсон балаларымен бірге Флоридадағы Индиан-Крик аралындағы отбасылық үйлерінен кетті.

Ажырасуларының себебі - миллиардердің әйелінің көзіне шөп салуы. Соффердің өзге қыздармен болған романы туралы қауесеттер көп тарайтын. Бірақ, миллиардер оларды бар болғаны құрбыларым деп ақталды.

Тағы оқыңыздар: Ресейлік әскерилер "Ислам мемлекетінің" көсемін өлтіріп тастады (фото)

Макферсон мен Соффер 2009 жылдан бастап кездескен. Бір рет ажырасқан жұп Джеффтің көлік апатынан аман қалуынан кейін қайта қосылады. 2013 жылы олар үйлену тойларын жасаған еді.

Еске салайық, Эль қаржыгер Арпад Буссонан тапқан екі ұлын тәрбиелейді: 19 жастағы Арпад және 14 жастағы Аурелиус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528148-aygili-top-model-kozine-shop-salghan-mi.html