RU

Астанада тыр жалаңаш суретке түскен велосипедші жігіт желіде қызу талқыға түсті (фото)

Астаналық велосипедшінің түнгі Астана фонындағы жалаңаш суретін Қазнет қолданушылары қызу талқыға салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жігіттің суретін астаналықтардың бірі Facebook желісіндегі "Астана: Что? Где? Когда?" парақшасында жариялаған.

"Адам төзгісіз ыстық! Велосипедшілер шешіне бастады... ", - деп жазады автор.

Сурет жағалау фонында жасалған, атлетикалық дене бітімі бар жігіт тыр жалаңаш артқа қарап тұр. Жанында велосипедшінің заттары мен велосипеді тұр. 

Суреттің тым ашықтығына қарамастан, Қазнет қолданушыларының арасынан суреттегі жігітті қолдап шыққандар да табылды.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да әйелінің көңілдесі бар екенін білген ер адам жұбайын пышақтап өлтірген

"Маған мына жігіттің суреті қатты ұнады: жастық шақ, албырт кез, табиғаттың балалары тасты джунглиде. Этикаға келетін болсақ, ол республикада тапа-тал түсте шалбарсыз жүрген жоқ, далада ешкім жоқ, түн", - деп жазады Баян есімді қолданушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528205-astanada-tyr-zhalanhash-suretke-tusken-v.html