RU

Жол апатында аяғынан айырылған бойжеткенге қайырымды жандар 7,5 млн теңге жинап берді

Алматының әл-Фараби даңғылында болған жол апаты кезінде аяғы жұлынып кеткен бойжеткенге қайырымды жандар 7,5 миллион теңге жинап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы зардап шеккен бойжеткен Екатерина Парафиеваның құрбысы Анель Бияхметова мәлімдеді. Бойжеткен жиналған қаражатқа қатысты Facebook желісіндегі парақшасында есеп беріп отырады. Оның айтуынша, бүгінгі күні 7 523 007 теңге мен 9.651 рубль қаражат жиналған.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі топ-модель көзіне шөп салған миллиардер күйеуін тастап кетті

Бұл қаражат Екатеринаның емі мен протездеуге жұмысалатын болады.

Еске салсақ, 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылымен Навои және Мұстафин көшелерінің арасында жантүршігерлік жол апаты болды. Жедел жәрдем мәліметіне сәйкес, зардап шегуші бойжеткендердің бірі екі аяғынан айырылған. Олар ауыр халде емханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528362-zhol-apatynda-ayaghynan-ayyrylghan-boyzhe.html