RU

Жамбыл облысында екі жасар қыз көліктің ішінде жанып кетті

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат».

Анықталғандай қайғылы оқиға 18 маусым күні Ерназар ауылында болған.

"11:30-да Ерназар ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-2105» маркалы автомашинадан өрт шыққан. Өрт шыққан көліктің денесінің 90 пайызы күйік шалған екі жасар қыз құтқарылып, Тараз қаласындағы №2 ауруханасына жеткізілді. Алайда сәби емханада көз жұмды», - делінген баспасөз баянында.

Тағы оқыңыздар: Жол апатында аяғынан айырылған бойжеткенге қайырымды жандар 7,5 млн теңге жинап берді

Ведомство хабарлағандай, өрт қатысушы тараптың өз күштерімен сөндірген, өрт сөндіру қызметіне өрт туралы ақпарат түспеген.

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін қыз ата-анасының қарауынсыз қалған және көлікте сіріңке жағып ойнап отырған.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528395-zhambyl-oblysynda-eki-zhasar-qyz-kolikt.html