RU

Роналду "Реалдан" кетіп, "Манчестер Юнайтедке" ауыспақшы

Әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі Криштиану Роналду "Реалдан" кетуі мүмкін. Бұл туралы prosportkz.kz сайты хабарлайды.

«Реал» Роналду командадан кеткен жағдайда оны алмастыра алатын ойыншы қарастыруда. Қазірдің өзінде мадридтік команда үш ойыншы тауып үлгерді.

Олар: Килиан Мбаппе, Роберт Левандовски немесе Пауло Дибала.  Мадридтік команда басшылығы аталған үш ойыншының кез-келгені Роналдудың орнын басады деп есептейді.

Тағы оқыңыздар: Адамдардан қарсылас таппаған Майкл Фелпс акуламен жарыспақшы

Естеріңізге салсақ, салық төлемегені үшін үстінен қылмыстық із қозғалған Роналду «Реалдан» кеткісі келетіндігін айтқан.  Ал Роналдудың командаластары оның бұл әрекетті айлығын көтертіу үшін жасап отырған амал деп есептейді.

Бірнеше БАҚ Роналдудың «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға келісім бергендігін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528516-ronaldu-realdan-ketip-manchester-yunay.html