RU

Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен сегіз жасар қыздың мәйіті табылды

Атырау облысы Бесікті ауылында 14 маусым күні із-түзсіз жоғалып кеткен сегіз жасар Айкөркем Алдамжардың мәйітін құтқарушылар Жайық өзенінен тапты деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл туралы порталға ГУ "ЗРАОСО" су-құтқару бөлімінің басшысы Самат Құмашев мәлімдеген.

"Қыз бала бүгін 19 маусымда ауылдан бір шақырым жерден табылды. Оның мәйіті Алмалы ауылына қарма-қарсы жағаға қалқып шыққан", - дейді Самат Құмашев.

Тағы оқыңықздар: Ақтөбелік имам 15 жылдан бері көше сыпыратын аналарды ауызашарға шақырды (фото)

Еске сала кетейік, Бесікті орта мектебі жанындағы лагерьден шығып, үйіне бағыт алған қыз бала сол күйі оралмай із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Айкөркемді іздеуге полицейлер, сүңгуірлер және ауыл тұрғындары жұмылдырылған еді.

Қыз баланың өліміне нақты не себеп болғанын көрсететін медициналық сараптаманың қорытындысы кейін хабарланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528579-atyrauda-iz-tuzsiz-zhoghalyp-ketken-zhogh.html