RU

Атыраудағы аялдамада тыр жалаңаш тұрған бойжеткен жұртты шошытты

Атырау аялдамаларының бірінде тыр жалаңаш тұрған бойжеткеннің видеосы желіде тарады. Бұл туралы NUR.KZ порталы  "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлер бойжеткенді Абай мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы аялдамадан байқаған.

Тағы оқыңыздар: Жас қыздармен көңіл көтеретін миллионер Қазақстанға не үшін келе жатыр?

"Видеодағы бойжеткен 28 жастағы жергілікті тұрғындардың бірі екені анықталды. Ол аздап мас күйде болған. Тұрғынды кішігірім бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Ол 15883 теңге көлемінде айыппұл төлейді", - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ерлан Омаровтың материалынан аударылды.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528662-atyraudaghy-ayaldamada-tyr-zhalanhash-tur.html