RU

80 жыл өтсе де махаббаты сөнбеген ерлі-зайыпты жұртты тәнті етті (фото)

Ұлыбританияда некесіне 80 жыл толса да, махаббаты сөнбеген ерлі-зайыпты тұрады. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кен Харрис бүгінде 102 жаста болса, оның сүйікті жары Маргарет 99-ға келген. Олар Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін екі жыл бұрын некесін қидырған.

Тағы оқыңыздар: Алматыда 17 жастағы студентті 5 мың теңгеге бола өлтіріп кеткен

Сол күннен бастап Кен той суретін өз әмиянынан тастаған емес.

Екі баласы бар ерлі-зайыпты өңірдегі ең кәрі жұп деп танылған. Олардың ұлы Алан 77-де, ал келіні Пэт 75-те. Алан әйелімен бірге әкесі мен анасына қарайласып жүр.

Тағы оқыңыздар: Жарыс кезінде паригі ұшып кеткен спортшы қыз желіде жұлдыз болды (видео)

"Олар күнде қол ұстасып жүреді. Сұрапыл соғыс олардың арасын біраз уақытқа ажыратқаннан кейін екеуі бір-бірінен айырылғысы жоқ. Соғыс жылдарында Кен той суретін әмиянынан тастамайтын", - дейді Пэт.

Ерлі-зайыптылар 80-жылдық мерейтойын отбасымен бірге атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528872-80-zhyl-otse-de-makhabbaty-sonbegen-erli-z.html