RU

Жұртты шулатқан АҚШ азаматы қазақстандық билікке сәлемдеме жолдады

Астана туралы сын пікір айтып, жұртты шулатқан Джеймс Палмер өзінің Қазақстанда болғанын дәлелдейтін құжаттарын көрсетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстандық жазулышуларыма сәлем. Сіздер керемет жандарсыздар және көрікті мемлекетте тұрасыздар. Алайда, өкінішке қарай ақымақ билік өкілдерінің арасында тұрып жатырсыздар", - деп жазған Палмер.

Тағы оқыңыздар: Рамазанда бір мезетте 300 мың мұсылман жұма намазын оқыды (фото)

Журналист екі қазақстандық мөр басылған паспортының суретін жария етті. Оған сәйкес, Джеймс Палмер Қазақстанда 7-12 маусым аралығында болған.

"Хэй, қазақстандық үкімет! "Егер мен шекарадан өтпеген болсам", паспорттағы мөр қайдан жүр?", - деп жалғастырды Палмер. ​

Еске салсақ, ЭКСПО басшылығы елді шулатқан америкалық журналистің Астанаға келмегенін, тіпті ЭКСПО көрмесін көрмегенін алға тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528894-zhurtty-shulatqan-aqsh-azamaty-qazaqsta.html