RU

Рамазанда бір мезетте 300 мың мұсылман жұма намазын оқыды (фото)

Өткен жұмада Палестина тұрғындағы елдегі қарулы қақтығыстарға қарамастан қасиетті әл-Ақса мешітінде жиналып, жұма намазын оқыды. Жиылған жамағат саны 300 мыңның үстінде болған көрінеді деп жазады muslim.kz.

Палестиналықтар жұма намазын оқу үшін бір күн бұрын түн ортасында мешіттің орталық қақпасында жиналып, иудейлердің тексеруімен кіргізілген. Жергілікті мұсылмандардың ішінде тексеріске қарамастан мешіт қабырғасынан асып түсіп кіргендері де болған.

Тағы оқыңыздар: Қасиетті айда еркектер ғана дүкенге барады: Әлем халқы Рамазанды қалай өткізеді?

Палестиналықтардың жұма намазын оқуға деген мұндай құлшыныстары қасиетті Рамазан айымен байланыстыруға болады. Себебі, қасиетті айдың аяқталуына жақын қалғанына байланысты палестиналықтар Рамазанның үшінші жұма намазын қасиетті мекенде оқуға тырысып бағуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528904-ramazanda-bir-mezette-300-mynh-musylman-zh.html