RU

Сегіз жастағы атыраулық қыздың өліміне күдікті ретінде көршісі ұсталды

Сегіз жастағы Айкөркем Алдамжардың өліміне Атырау облысының тұрғыны күдіктелуде. Ол қамауға алынған деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қыз баланың анасы сәбиінен айырылып қалғанына әлі сене алар емес. Айкөркемнің әкесі тіпті сөйлеуден қалған. Ал әжесі немересінің суретін құшақтап көз жасын тоқтата алмауда.

Тағы оқыңыздар: Рамазанда бір мезетте 300 мың мұсылман жұма намазын оқыды (фото)

Марқұм оқушының туыстары Айкөркемнің өліміне көршісі, 28 жастағы екі баланың әкесі күдіктеліп жатқанын айтады. Айкөркемнен кейін отбасында тағы үш бала қалған.

 

Еске сала кетейік,  14 маусым күні із-түзсіз жоғалып кеткен сегіз жасар Айкөркемнің мәйітін құтқарушылар бүгін Жайық өзенінен тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1528914-segiz-zhastaghy-atyraulyq-qyzdynh-olimi.html