RU

Астанаға ат басын бұрған Финляндия президенті елорданы роликпен аралады (фото)

Астанаға жұмыс сапарымен келген Финляндия президенті Саули Ниинисте елорданы конькимен серуендеуді жөн санаған деп хабарлайды Suputnik Қазақстан.

Финляндия басшысын Астана халықаралық әуежайынан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Қазақстанның Финляндиядағы елшісі Мұрат Нұртілеуов және оның фин әріптесі Илкка Райсанен қарсы алды.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда танымал адвокат асылып қалған күйі табылды

Шетелдік қонақ отельге келіп, киімін ауыстырып болған соң, елорданың көрікті жерлерін роликпен аралап шығуды ұйғарған.

Саули Ниинистенің жұмыс сапары барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізу, фин ісерлік орта өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

Ол сонымен қатар, Финляндияның ЭКСПО-дағы ұлттық күніне қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529122-astanagha-basyn-burghan-finlyandiya-pr.html