RU

Қайрат Нұртастың әкесі ұлына осы күнге дейін қол көтеріп келгенін мойындады

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков алғаш рет өзінің ұлдарын қалай тәрбиелеп, өсіргенін айтып берді. Ол Қайратты кішкентай күнінде де, тіпті қазіргі күннің өзінде де қатал ұстап, қол көтерген кезі де болғанын жасырмады.

Бұл туралы "Қазақстан" арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтылды.

Ол арнайы сұхбат беріп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы айтып берді.

- Енді оны мен айтқанда сенетін кісілер, сенбейтін кісілер бар. Жалпы көп халық оның қиын екенін біледі. "Халықтың адамы" деген сөз бар ғой. Халықтың адамы болғандықтан елдің көзі сенде болады. Осының әкесі, анасы, отбасы, өзі қандай екен деген қызығушылық басым болады. Шыны айтқанда жауапкершілігі зор.

- Балаларыңызды қатал ұстайсыз ба?

- Алла берген үш ұл бар. Ер балалар болған соң өте қатты ұстадым, ұстап да келем. Соның ішінде Қайратты әсіресе қатты ұстадым. Үйдің үлкені болғандықтан шығар.

- Ашуланған кезде ұрған кездеріңіз болды ма?

- Қайратты ма? Қайратқа мен қолды көптеу жұмсап қойдым. Бала кезінде де, өскенде де. Өйткені, мен айттым ғой, алғашқы бала. Оған "әй мынаны істеуге болмайды" деп жатсаң, ол "болды, папа" дейді де, сол тірлікті барып қайта істеуі мүмкін. Болды ондай нәрсе.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлық бойжеткен салмағы 20 келілік сал жігітке үйленгеніне еш өкінбейді (фото, видео)

- Балаңыздың жұлдыз болуына тәрбиенің әсері болды ма?

-  Тәрбиенің өнер адамы үшін әсері көп. Себебі өнер адамын өсіретін де, өшіретін де халық қой. Сондықтан жүз пайыз тәрбиенің әсері болды деп айта аламын. Тәрбие болмаса халық өзі апаратын жеріне апарып тастайтын еді. Егер оның тәрбиесі болмаса, құр өнерімен ешқайда бара алмайды.

- Қоғамда әкенің рөлі қандай?

- Оның екі ұшы бар деп ойлаймын. Әке болуға әкелік атқа лайық болып жүрі деген бір басқа, ал сол әкелік қадірін ұрпағы білсе, сол бақыт қой.

- Әке қадірін біліп жүрміз бе?

- Мен қазіргі жастар әке қадірін біледі деп ойлаймын. Қазіргі жастар жаман емес, түріңе қарап көшеде кетіп бара жатсаң, ағалап, сый-құрметін көрсетіп жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529148-qayrat-nurtastynh-akesi-ulyna-qazirge.html