RU

Алматы тұрғыны айналдырған алты жылда 116 рет несие алған

Алматы тұрғыны Руслан Д. айналдырған алты жылда 116 кредит алды. Оның қарызының жалпы сомасы 11 млн теңгеден асып жығылады деп хабарлайды NUR.KZ.

Руслан кредиттің біраз бөлігін жауып үлгерген. Бүгінде ол тек сегіз кредитке берешек. Жас жігіттің айтуынша, ол 20 мыңнан бастап, тоғыз млн 400 мың теңгеге дейін кредит алған. Олардың ең қомақтысын Руслан он жылға мүлкін кепілге қоя отырып алыпты. 

Тағы оқыңыздар: Головкин мен Альварес Лондонда көз арбасты (фото, видео)

Бүгінде ол кредитке шамамен жарты млн теңге құйып отырады. Дегенмен Руслан барлық қарызын кешіктірмей төлеп отырғанын алға тартты.

Бір қызығы, жас жігіт кредитті қыдырып, көңіл көтеру мақсатында алып отырыпты. Өзі банк қызметкері болып жұмыс істейтіндіктен, несие алудың қыр-сырын жақсы біледі екен.

Руслан елде кердит саны бойынша рекорд орнатқанын айтып, мақтанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529151-almaty-turghyny-aynaldyrghan-alty-zhyld.html