RU

Головкин мен Сауль Альварес Лондонда көз арбасты (фото, видео)

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес Лондонда баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Медиатур барысында осы аптада қос мықты Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында болады. Кейінірек Мехико қаласында баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған.

Лондонда Головкин мен Альварес журналистердің сұрақтарына жауап беріп, көз арбасты.

"Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Тағы оқыңыздар: 80 жыл өтсе де махаббаты сөнбеген ерлі-зайыпты жұртты тәнті етті (фото)

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529155-golovkin-men-alvares-londonda-koz-ar.html