RU

Жарынан айырылып, қатты қиналған Абай Бегей қазақ жігіттеріне жанайқайын жеткізді

Екі жыл бұрын жарынан мәңгіге айырылып, төрт баласымен жалғыз өзі қалған Абай Бегей балаларын тастап кетіп жатқан қазақ жігіттеріне жанайқайын жеткізді. Әнші өз өмірінен мысал келтіріп, әйелінің қадірін ол өмірден өткеннен соң ғана білгенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

"Мен енді өзімнің басымнан өткен жағдайды айтып берейін. Ерте үйлендім, мен он тоғызда, келіншегім он жеті жаста болды. Біраз жыл бірге тұрдық. Мысалы мен әйелімнің қадірін ол қайтыс болғанда бір-ақ біле бстадым. Сондықтан мен біреулердің "үш баласын тастап кетіп жатыр", "екінші әйел алып жатыр" деген сөздерді естіген кезде менің кәдімгідей жүрегім ауырады.

Тағы оқыңыздар: Бибігүл Төлегенова байыса 4-5 бала туған әйелін тастап кететін қазақтарды сөгіп тастады

"Алтынның қолда барда қадірі" жоқ дейді. Әйелдерімізді тірі кезінде құрметтеуіміз керек. Ол қайтыс болғаннан кейін қанша жылайық, еске алайық, бірақ одан пайда жоқ. Ол қайтып келмейді. Еркектерге айтарым: әйелдеріңіздің қадірін тірі кезінде біліңіз. Қасыңыздағы жарыңызды аялап жүріңіз", - деді ол.

Еске салсақ, жуырда әнші марқұм жарына Жанатқа арнап "Жанатым" деп аталатын әнін жарыққа шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529222-zharynan-ayyrylyp-qatty-qinalghan-otan.html