RU

Ұлдарына еден жуғызып қойған Қыдырәлі Болманов елді таңғалдырды (видео)

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов желіге ұлдарының видеосы мен суреттерін, оларды қалай тәрбиелеуге болатыны туралы ақыл-кеңестерін жиі салып тұрады. Бірақ бұл жолы қос ұлына еден жуғызып қойған әншінің видеосы еелді таңғалдырмай қоймады.

"Кеше белгілі бір бағдарлама қонаққа шақырып, ұл бала тәрбиесі жөнінде әңгімелеп беруді өтінді. Уақыт тапшылығына орай бара алмадым, бірақ бала тәрбиесі өте ауқымды мәселе.

Ол ауадай қажет, бала тәрбиесі екінші орынға ысыруға болмайтын, өте маңызды дүние екенін күн сайын түсініп келемін... Сондықтан өз парақшамда білген-түйгеніммен бөлісе отыруды жөн көрдім...

Тағы оқыңыздар: Бибігүл Төлегенова байыса 4-5 бала туған әйелін тастап кететін қазақтарды сөгіп тастады

Бала тәрбиесі ұрсудан, жекуден емес, өз тілінде қоректендіру, сөйлесуден тұрмақ! Жақсы әдеттер қалыптастырудан құралмақ екен. Перзенттеріңді көп сүйіңдер, жәннатта дәрежелерің көтерілмек! Яғни жақсы көру, жақсы көретініңді білдіру. Тіпті еден жуатын шүберекпен "пианино" жуып жатса да, жұқалап айтып, түсінбей тұрса, келісе салу. Ең бастысы ниетін қолдау, көңілін қалдырмау", - деп жазды ол.

Сонымен бірге ол баланың көңілін қалдырмау маңызды нәрсе екенін еске салды.

"Ата-анасынан көңілі қала берген бала бара-бара еш нәрсеге құлықсыз болмақ. Баланың анасына көмек көрсетейін, пайдалы нәрсе жасайын деген ниетінің қасында "пианиноны пол жуатын трәпкімен сүрткені" түкке тұрмайды", - деп пікір білдірді ол.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың әкесі ұлына осы күнге дейін қол көтеріп келгенін мойындады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529294-uldaryna-eden-zhughyzyp-qoyghan-qydyral.html