RU

Зейнеткерлердің алтындарын мойнынан жұлып әкеткен оралдық тұрғын елді шошытты

Оралда өткен-кеткеннің қымбат әшекейлерін жұлып, артынша ізін жасырып келген ұрлықшы ұсталды. Апталдай азамат елді тонаудан еш қымсынбаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой Город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

21 жастағы жігіт 17 маусым күні Гагарин көшесінің бойында 61 жастағы зейнеткер әйелдің мойнындағы алтын алқасын жұлып әкеткен. 

Тағы оқыңыздар: Атырауда қариялардың құлайын деп тұрған балконына билборд іліп қойды (фото)

"Жігіттің үйі жоқ. Ұры, ұялы телефондарды тонаушы ретінде есепке алынған. Алқа қожайынына қайтарылды. Белгілі болғандай, алқаның құны 40 мың теңге", - дейді Орал қаласының ІІБ-де.

Күдікті өзге 56 жастағы әйелді де тонағанын мойындады. Ол кезде жігіт 300 мың теңгелік алқаны қолды қылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529365-oralda-aptalday-azamat-zeynetkerler.html