RU

Елімізде бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні басталды. Биыл ҰБТ жаңа форматта өткізілмек деп хабарлайды NUR.KZ.

2017 жылы ҰБТ 20 маусымнан бірінші шілдеге дейін өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ-ны 92827 оқушы тапсырады. Олардың 69209-ы қазақ тілінде, ал 23618-і орыс тілінде тапсырмақ.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да оқушылары хиджаб киетін мектептен тағы да шу шықты

Алғашқы күні ҰБТ-ға 16 468 оқушы қатысып жатыр. Олардың 12 929-ы қазақ тілінде, 3539-ы орыс тілінде тестілеуден өтпек.

Жаңа форматта өтетін тестілеуде оқушыларға 120 сұрақ беріледі. Тестілеу уақыты - үш сағат 30 минут. Максималды балл - 140 (кей сұрақтарда бірнеше дұрыс жауаптың болуы есебінде). Оқушылардың бес пән бойынша білімі тексеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529415-elimizde-bugin-ulttyq-birinhghay-testi.html