RU

Қазақстандағы сіңірі шыққан кедейлер тамақты аз ішетін болған

Қазақстанның аста-төк байларының дені мөлшерден тыс тамақтып көп ішіп, азық-түлікке шығынын еселеп жатса, сіңірі шыққан кедейлер аз тамақтанатын болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің тұрғындары тамаққа көп ақша жұмсай бастағанын 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштер байқатқан. Азық-түлікке кеткен ел қаражаты 45,9%-ы құрап, соңғы бес жылда ең жоғары деңгейге жетті.

 

Әсіресе етке кететін қаражат мөлшері өскен. Адам басына шаққанда - 18,2 келі ет. Одан кейінгі орында нан тұр.

Тағы оқыңыздар: Теңге бағамы күн санап құлдырап жатыр

Жеміс-жидек пен көкөністің қымбаттауы салдарынан оны алатын тұрғындар саны азайған.

Бағаның қымбаттауы мен табыстың қысқаруы нәтижесінде еліміздің жағдайы төмен тұрғындары азырақ тамақтануға мәжбүр. 

Тағы оқыңыздар: Ел алдында күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева қызу талқыға түсті (видео)

Әсіресе, картоп, қант, тәттілер сіңірі шыққан кедейлер үшін арманға айналып отыр.

Ал байлар арасында қымбат жемістерге және етке деген сұраныс артыпты. Еліміздің байлары кедейлерден 2,5 есе көп тамақтанатыны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529471-qazaqstannynh-sinhiri-shyqqan-kedeyler.html