RU

Екі әйелімен бірге тұратын азамат бақытты отбасылық өмірімен мақтанды (фото)

Калифорнияда тұратын Мэтью есімді азамат Мишель және Кортни есімді екі әйелімен бір үйде тұрып, жұрттың таңданысын тудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мэтью 31 жаста, Мишель 30-да, ал Кортни 26 жаста. Олар интернет арқылы танысып, бір отбасы болуды ұйғарады.

Тағы оқыңыздар: Хор қызындай сұлу 10 кәріс қызы

Оғаш отбасында балалары Кортниді де, Мишельді де анасы деп атайды. Екі жыл бойы бірге тұрып келе жатқан үш ғашық төсек қатынасында да бақытты екендерін жасырмады.

Мэтью жеті жасар ұлы Дарио мен екі жасар ұлы Антонийге екі әйелі де бірдей қамқор болатынын айтуда. Кортни үй шаруасын өз мойнына алса, Мишель Мэтьюмен бірге ақша тауып, отбасын асырайды.

Тағы оқыңыздар: Шеберлігі Мессиден кем түспейтін бала жұртты таңғалдырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529618-eki-ayelimen-birge-turatyn-azamat-baq.html