RU

Ақышев өзін БЖЗҚ келісіміне қатысы бар деген Келімбетовтің сөзін жоққа шығарды

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Келімбетовтің сөзіне қатысты жауап берді. Келімбетов "Әзірбайжан банкінмен жасалған келісімшартқа Ақышевтің қатысы бар" деген болатын. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақышев 2014 жылдың қазанында келісімшартқа қатысуы мүмкін еместігін алға тартты. Себебі ол кезде Ақышев Ұлттық банкте жұмыс істемеген екен.

"Одан бөлек 2014 жылы мен инвестициялық активтер мен резервтер басқармасының бөліміне жауапты болған емеспін. Келімбетов мырза бұл туралы біледі деп ойлаймын. Оның неге мұндай ақпарат беріп отырғанын айту мен үшін қиын", - дейді Ақышев.

Тағы оқыңыздар: Қазақстан Америкадан 8 100 есе артта қалып қойған

Еске салсақ, Қайрат Келімбетов арты дауға айналған "Әзірбайжан банкіне" инвестиция құюды Данияр Ақышевтің өзі мақұлдап, дауыс бергенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529713-aqyshev-ozin-bzhzq-kelisimine-qatysy-ba.html