RU

Нұрсұлтан Назарбаев жас кезінде Алматы банктерінің бірінде күзетші болып істеген

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас кезінде Алматы банктерінің бірінде күзетші болып жұмыс істеген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы Түрксіб құрылысында танысып, 1934 жылы үйлену тойларын жасаған. Көптен күткен тұңғыштары Нұрсұлтан алты жылдан кейін өмірге келеді.

Абай атындағы орта мектебінің оныншы сыныбың бітірген соң (Алматы облысының Қаскелен селосы) Нұрсұлтан "Ленинская сиена" республикалық жастар газетінде ОК комсомолдың жігіттер мен қыздарға Қазақстан Магниткасын көтеруге үндеуін оқығанда, ұсынысты қабыл алуға барады.

Тағы оқыңыздар: Ақтаулық полицейлер тоғыз жылдан кейін сәбилі болған отбасыға тосынсый жасады

Теміртауға келу үшін Нұрсұлтан Алматының бір банкінде күзетші болып жұмыс істейді. Жұмыстан тапқан ақшаға ол туған ауылы Шамалғаннан Теміртауға жетеді",- деп жазылған Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мұражайының құжаттарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529791-nursultan-nazarbaev-zhas-kezinde-alma.html