RU

Ақтөбеліктер Музарт тобының өңірге келгенін концерт өткеннен кейін бір-ақ білген

Медицина қызметкерлерінің күніне орай Ақтөбеге «МузАрт» тобы келіп, Денсаулық саябағында концерт берген. Бұл туралы Instagram парақшасында жариялаған «Ақтөбе ақпарат» орталығының өкілін интернет пайдаланушылар жерден алып, жерге салды деп хабарлайды Тілші ақпарат агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Қала тұрғындары концерт туралы алдын ала неліктен хабарландыру болмағанын айтып мұңын шаққаны сол еді, «Ақтөбе ақпарат» орталығының модераторы «осыған дейін хабарладық» дегенге саятын жауап қатты.

Интернет қолданушылар «Ақтөбе ақпарат» орталығы өкілінің өтірігін бетіне басып, жалған жауабы үшін наразылық танытты.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының модераторы Шыңғыс Ілиясов саябақтың ашылатындығы жөнінде алдын ала хабарландыру жасалғанын жазды. «Біраз халықтың қарасы болды. Мерекелік кеш болатыны айтылды» дегені сол еді, инстаграм желісіндегілер шулап қоя берді.

Орталық өкілі өз сөзіне дәлел келтіре алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1529799-qala-turghyndary-muzart-tobynynh-aqt.html