RU
Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 12 млрд доллардан асып кетті
Жаңалықтар Финансы

Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 12 млрд доллардан асып кетті

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бүгінгі таңда Қытай еліне қарызы 12,5 млрд долларды құрайды деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 12 млрд доллардан асып кетті

Қазақстанның Қытайға қарызы өсіп жатыр. Фото: Радио Азаттық.

"Қазақстан жобаларының жартысы қытайлық капитал есебінен жүзеге асырылуда. Қаражат қарыз есебінен алынғандықтан, Қазақстанның Қытайға қарызы 12,5 миллиард АҚШ долларын құрайды", - деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Министр Қазақстан Қытаймен ары қарай мұнай тасымалы саласында да серіктес болуға дайын екенін айтты.

"Мысалы, Қытайдың энергетикалық компаниялары Қазақстанға жердегі тасымалды азайтып, әлем нарығына шығу үшін мұнайды теңіз арқылы тасымалдауды ұсынып отыр. Тез әрі арзан. Шығынды жалпы жол құны есебінен азайтуға болады. Оның үстіне қытайлық компания әлем бойынша 5 млн мұнай қоймасына ие. Нарықта теңдей шарт болатын болса, Астана бұл идеяға қосылуға дайын", - деді шенеунік.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Ләйлә Сұлтанқызы "Балапанды" отбасылық бизнесіне айналдырған

"Банктер бойынша – 2,7. Өзге секторлар бойынша – 8,97. Кәсіпорындар мен фирма аралық қарыздар 944 миллион. Шамамен осындай. Сонымен бірге Қытай тарапының да Қазақстан алдында қарызы бар. Бізде құнды қағаздарды салып отырмыз. Ол 12 миллиард долларды құрайды. Айырмашылық 579 миллион доллар. Бұл жағдай сыртқы қарызға қарағанда жақсырақ", - деп пікір білдірді Тимур Сүлейменов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
181
13
18
9
11
15
40
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel