RU

ЭКСПО көрмесінің басталғанына он күн өтпей жатып нысанның терезелері шытынап кетті (видео)

ЭКСПО көрмесі басталғанына бар-жоғы он күн өтсе де, нысанның терезелері шыдас бермей, шытынап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram желісінде @dudoser атауымен тіркелген қолданушы өз парақшасында Астанадағы көрме кешеніндегі жағдайдың видеосымен бөлісті. Онда «Нұр әлем» көрме кешеніндегі терезелердің шытынап қалғанын байқауға болады.

Бұл көріністі көрген желі қолданушылары видеоны монтаждалған деп тон пішсе, келесі бірі мұндай жағдайдың расымен де орын алғанын алға тартқан.

«Мен бір апта бұрын сонда болдым. Бұл монтаж емес, расымен де шынылары шытынап кеткен», - деп бірі пікір қалдырды. Келесі бірі енесі құрылыс саласында жұмыс жасайтынын алға тартып, кешен құрылысын сапасыз жасалғанын жеткізген.

«Бұл шыны шар ішіндегі жағдай болу керек. Менің енем құрылыс саласында жұмыс істейді. Құрылысы біткен нысандарды бақылайды. Қыс па, көктемде ме әйтеуір Астанада болып келді. Келе салып нысан дұрыс салынбағанын айтты. Оған дәл осы шар нысанының бақылаушысы болуға ұсыныс айтыпты, бірақ ол кісі бас тартты. Тағы бірнәрсе боп қалса деді...» деп жазды желі қолданушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530000-ekspo-kormesininh-bastalghanyna-kun.html