Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көздің жауын алар әлемнің ең көрікті мешіттерін білесіз бе?

Опубликовано:

Мешіт –әлемнің кез келген елінде бар қасиетті орын. Жер бетіндегі ірі қалаларда мешіт құрылысының түрлі архитектурасы мен ерекше дизайнын кездестіруге болады. Назарларыңызға islam-today.ru сайты ұсынған көздің жауын алатын әлемдегі ең әдемі мешіттер топтамасын ұсынамыз.

Мәшһүр Жүсіп мешіті

Мешіттің бірінші қабаты сегіз қырлы. Бұл - Дешті Қыпшақтардың сәулет үлгісі. Оның үстіндегі сегіз қырлы жұлдыз түркі жұртының ортақ рәмізі. Күмбезі шаңырақ үлгісінде. Төрт мұнараның биіктігі Пайғамбар жасына орай - 63 м. Бір мезгілде бір жарым мың адам намазға жығылуға мүмкіндігі бар.

Кристалды мешіт (Малайзия)

Ресми ашылуын 2008 жыл 8-ші ақпан күні он үшінші Янг ди-Пертуан Агонг сұлтан Тренгану Мизан Зайнал Абидинмен бірге ашқан. Бұл мешітте бір мезгілде мың жарым адам намаз оқи алады. Ғимарат темір бетомен салынып, айналы әйнекпен қапталған.

Тағы оқыңыздар: Мешітте құран оқыған Түркия президенті көпшілікті сүйсінтті (видео)

Фейсал мешіті (Пәкістан)

Әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Ислам әлемінде көлемі жағынан танымал, аумағы 5 000 квадрат метр, онда бір уақытта 300 000 мың мұсылманның дұға етуіне болады.

Шакирин (Түркия)

Түркияның заманауи мешіті.

Тағы оқыңыздар: Ақтаулық полицейлер тоғыз жылдан кейін сәбилі болған отбасыға тосынсый жасады

Дженнендік собор мешіті (Мали)

1906 жылы салынған әлемдегі балшықтан салынған жалғыз мешіт. Ол Малидағы Дженне қаласы, Бани өзені бойында орналасқан. Аталған мешіт ЮНЕСКО тізіміне енген.

 Құл-Шәриф (Ресей)

Татарстан республикасының көз тартар ғимараттарының бірі Құл-Шәриф мешіті. Аты аңызға айналған Қазан хандығының көп мұнаралы мешітінің жаңарған нұсқасы.

Путра (Малайзия) мешіті

Путра 1997- 1999 жылдар аралығында Малайзияның әкімшілік орталығындағы, Путраджая қаласында орналасқан. Малайзия пермьер-министрінің ғимаратына көршілес орналасқан.

Убудийа мешіті (Малайзия)

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО көрмесінің басталғанына он күн өтпей жатып нысанның терезелері шытынап кеткен (видео)

1917 жылы Ыдырыс Шах сұлтанның кезінде салынған. Мешіт құрылысы "Ауруымнан айықсам ерекше көздің жауын алар мешіт саламын" деген сұлтанның уәдесі бойынша жүргізілген.

Байтұннұр (Канада) мешіті

Калгари муниципалитетіндегі Ахмадий Қоғамдастығының мешіті. Бір мезетте 3 000 адам намазға жығыла алады.

Омар Али Сайфуддин (Бруней) Сұлтанның Корольдік мешіті

Бруней Сұлтанатың астанасы - Бандар-Сери-Бегаванда орналасқан. Тынық мұхиты аймағындағы ең танымал, әрі ең сәулетті мешіттердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1530090-kozdinh-zhauyn-alar-alemninh-enh-korikti-m/

pixel