RU

Әлия Назарбаева Нью-Йорк кинофестивалінің жүлдесін жеңіп алды (фото)

Мемлекет басышысының қызы, қазақстандық продюсер Әлия Назарбаева Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінің жүлдесін алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Фестиваль сайтында хабарланғандай, Әлия Назарбаева "Анаға апарар жол" фильмі үшін "Кинодағы еуразиялық әйел" марапатын алды. Бұған қоса, осы фильм "Үздік көркем фильм" жүлдесіне ие болды.

Ал басты рөлдердің бірін ойнаған Алтынай Нөгербек "Үздік актриса" атанды.

Тағы оқыңыздар: Президент жәрдемақы мен зейнетақыны өсіру жөніндегі заңға қол қойды

"Қаратас ауылындағы оба" фильмін түсіруге аталысқан Серік Әбішев пен Ольга Хлащева үздік продюсерлер атағын иеленді.

Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалі заманауи еуразиялық киноны паш етуге арналған.

Айта кетейік, Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі өткен жылы жарыққа шықты. Әлия Назарбаева — кинотуындының бас продюсері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530189-aliya-nazarbaeva-nyu-york-kinofestiva.html