RU

Ресейде туып өскен әкім Ақтөбеде қызметте жүріп қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді

Ресейдің Орынбор облысында туып өскен Мәлімбет Ибрашов Ақтөбе облысында қызметте жүріп қалай қазақ тілін үйренгенін айтып берді деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Мәлімбет Ибрашов - бүгінде Әйтеке би ауданының әкімі. Осыған дейін Ақтөбеде облыстық басқармаларда еңбек еткен. Оның алдында Астанада үш министрлікте қызметте болған. Қазақстанға тәуелсіздік алған жылдары келген ол алғашқыда қазақтілді ортада өзін ыңғайсыз сезінгенін айтады.

"Алғашында, расымен, ыңғайсыздық сезінгенім рас. Дегенмен, мүмкіндігінше, қазақтармен қазақ тілінде сөйлеуге талпындым. Онымен кейбір ұлты қазақ қызметкерлердің өздері орысша сөйлеп кеткенде маған да солармен бірге орыс тілінде сөйлеуге тура келгенін жасырмаймын", — дейді бүгінде қазақ тілінде еркін сөйлеп, тіпті сұхбат беруге келісімін берген аудан басшысы.

Тағы оқыңыздар: 30 жыл іздеген әкесін facebook арқылы тапқан бойжеткен қуанышын жасыра алмады

"Бос уақыт болғанда мерзімді баспасөзді аламын да дауыстап оқимын. Кейде тіпті қабылдауға келген адамдар кабинеттен шығып жатқан дауысымды естіп, бастықта адам бар ма деп сұрайды екен.

Хатшы қыз менің газетті дауыстап оқып тіл үйреніп жүргенімді айтып та қойған кездер болды. Бүгінде қазағы басым ауданда басшымын. Әкім басыммен олармен қазақша сөйлеспесем ұят болар ма еді деп ойлаймын", — дейді Мәлімбет Ибрашов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530228-reseyde-tuyp-osken-akim-aqtobede-qyzm.html