RU

Атырауда сегіз жасар қызды өлтірді деген күдіктіге қандай айып тағылуда?

№2 Атырау соты сегіз жастағы қыз баланың өліміне күдіктіні екі айға қамауға алуға шешім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ер адам кісі өлімінен бөлек, қыз балаға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін күдіктелуде.

Тағы оқыңыздар: Көкшетаулық судьяның өліміне қатысты тың деректер пайда болды (фото)

"Күдікті Р.А. Қылмыстық кодекстің "қылмысты жасыру мақсатында өзге адамды қасақана өлтіру және кәмелетке толмаған балаға сексуалдық зорлық көрсету" бабы бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде", - делінген соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, 14 маусым күні із-түзсіз жоғалып кеткен сегіз жасар Айкөркемнің мәйітін құтқарушылар 19 маусым күні Жайық өзенінен тапқан болатын.

Ал оқушының өліміне Атырау облысының тұрғыны күдік ретінде ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530336-atyrauda-segiz-zhasar-qyz-oler-aldynda.html