RU

ҰБТ: Алматыда емтиханға күліп кіріп, еңкілдеп жылап шыққандар көп

Күні кеше алматылық түлектердің алды жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Алайда, емтиханға күліп кіріп, еңкілдеп жылап шыққандар көп болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені, бүгіннің өзінде 19 бала тиісті баллды жинай алмай қалған. Ал ең көбі 129 ұпай жинаса, 140 сұрақтың 24-не әзер жауап бергендері де бар.

Жүйе өзгергенмен, тәртіп сол қалпы. Түлектер аудиторияға кірмес бұрын бірнеше тексерістен өтеді. Оның ішінде темір анықтайтын аппарат та бар. Бұл жерден тіпті тиын алып өту мүмкін емес. Кей балалар теңгелерін де тастап кетіпті.

Тағы оқыңыздар: Алматылық келіншекті екі аяғынан айырған апатқа басқа көліктер себеп болуы мүмкін

Бірақ, бүгін бұл құрылғылар 5-10 тиыннан басқа ештеңе анықтай алмады. Есесіне аудиториядағы камералар әрбірінің қимылын қалт жібермей түсіріп тұр. Оның үстіне төбеңнен төнген тексерушілер тағы бар. Бұдан бала түгілі, ата-аналар да қобалжулы.

Сыртқа бірі күліп, енді бірі еңкілдеп жылап шығып жатты. Ұялы телефон, шпоргалка қолданамын деп ұсталып қалғандар да бар. Нәтижесінде 19 бала тиісті межеден аса алмай құлаған. Ең көп жинағаны - 129 балл.

Сынақтан сүрінгендердің енді екі мүмкіндігі бар: ертең апелляцияға бере алады, болмаса өзі қалаған университетке барып емтихан тапсырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530391-ubt-almatyda-emtikhangha-kulip-kirip-enh.html