RU

Көшенің қақ ортасында жалаңаштанған атыраулық ару бұл қадамға не үшін барғанын айтты

Атырау полицейлері көшеде жалаңаштанып, қыдырып жүрген қызды тауып, бойжеткеннен мұндай әрекетке не себепті барғанын сұрады деп хабарлайды atyrautv.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Анықталғандай, аялдамада тұрып жалаңаштанған ару Атырау қаласының 1989 жылғы тұрғыны екен. Ол мұндай қадамға күйініп кеткеннен барғанын айтып, келесіде мұндай құқық бұзушылыққа бармауға уәде берді.

Тағы оқыңыздар: Жамбылда жағдайы жоқ отбасыға жер бермеген әкімге бүтін бір ауыл қарсы шықты

Оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылып, бойжеткенге 434 бап бойынша хаттама толтырылып, жеті айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530411-kosheninh-qaq-ortasynda-zhalanhashtanghan.html