RU

Шымкенттің жергілікті полиция басшысы өзін қорқытатын лауазымды адамдар туралы жайып салды

Шымкент қаласындағы жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан Facebook парақшасында өзіне қоқан-лоқы көрсететіндер бар екенін жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, жақын күндері ол жоғары лауазымды басшылармен кездескен.

"Заң алдында бәрі тең! Бұл қарапайым принцип жұмыс істеуі тиіс! Ақыр аяғында дұрыс, әрі заңды нәрсенің жеңіске жететініне сенімдімін. Себебі, жөні түзу адамдар  тәртіп пен тепе-теңдікке қарай ұмтылады. Әзірше... жеке көзқарастарын заңнан биік деп санайтындар бар",- деп жазады Данияр Мейірхан.

Тағы оқыңыздар: Көшенің қақ ортасында жалаңаштанған атыраулық ару бұл қадамға не үшін барғанын айтты

"Кеше осындай  жоғары лауазымды адамдардың бірімен менде қызық әңгіме болды. Бұл кездесуді бүге-шүгесіне дейін айта алмаймын.

Жеке басыма қатысты мұндай қорқытуларды әлі ешкімнен естімедім, оның үстіне заңды қорғауға бағытталған басшылық деңгейінен", - дейді  Данияр.

"Күлкілі, әрі мұңлы. Әйтеуір күндердің күні біз мұның дұрыс емес позиция екенін түсінерміз. Конституция заңында жазылғанмен жүру керек.

Мен әрдайым "біз заң алдында бірдейміз"  және оны ұстану оңай дегенді қайталаймын.  Сана модернизациясы маңызды. Біз бәріміз Бас прокурор Жақып Асановтың бұл модернизацияның мүмкін екеніне үлгі болып жүргенін көріп жүрміз", - деп пікір білдіреді жергілікті полиция басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530476-shymkenttinh-zhergilikti-policiya-basshy.html