RU

Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды

Астана халықаралық әуежайының атауы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып өзгертілді. Қазақстан Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін БАҚ-та ресми жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.  Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530501-astana-auezhayy-nursultan-nazarbaevt.html