RU

Қырғызстан премьер-министрі жиналысқа дайындықсыз келген шенеунікті қуып шықты (видео)

Сооронбай Жээнбеков у трибуны
Сооронбай Жээнбеков. Фото: Abylai Saralayev\TASS via Getty Images

Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков үкімет жиналысына дайындықсыз келген Мемлекеттік архитектура агенттігінің директор орынбасары Алмазбек Абдыкаровты қуып шықты деп хабарлайды novostibishkeka.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Аталған ақпаратты үкімет басшысының баспасөз хатшысы Чынгыз Эсенгул растады.

Жээнбеков мекеме жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. Ол жақында күн суытатынын, ал халықтың баспана мен медициналық көмексіз қалатынын атап өтті.

"Адамдар су, жол мен электр жарығы болмаса үкіметке қалай сенеді, ал сендер оларды көшуге мәжбүрлейсіңдер. Сен жағдаймен өзің таныспағансың, осында отырсың. Дайындалуыңа болатын еді.

Ош облысындағылардан сұрап, хабарласып, не болып жатыр, қашан бастайды білуге болады ғой... Шығып кет!", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Алмазбек Абдыкаров ақталмақ болып еді, Жээнбеков оның кетуін талап етті.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттің жергілікті полиция басшысы өзін қорқытатын лауазымды адамдар туралы жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530520-qyrghyzstan-premer-ministri-zhinalys.html