RU

Руының Шапырашты екенін айтқан компания директоры желіні дүрліктірді (фото)

"КазКонтракт Трейд" ЖШС компаниясының ресми сайтындағы басшы туралы мәлімет желіде қызу талқыға түсті. Компания директоры өзі туралы ерекше ақпарат беріп, Ұлы жүздің Шапырашты руынан екенін жазып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақ КСР-і, Алматы қаласында туған. Ұлы жүз, Шапырашты руынан. Қанат пен Майрат Тұраповтардың жалғыз қызы.

Әкесі Тұрапов Қанат Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы, материалды ресурстар министрі. 1993-ші жылдан бастап "ҚазКонтракт" АҚ президенті.  Анасы  Тұрапова Майрат медицина қызметкері", - деп жазылған директор туралы мәліметте.

Тағы оқыңыздар: Головкин: Мен ашпын, сол себепті нағыз шоу жасауға уәде беремін

Сондай-ақ, компания директоры үш тілде еркін сөйлейтінін және 2010 жылдан бері "ҚазКонтракт Трейд" ЖШС-нің жалғыз акционері, директоры екенін жазуды ұмытпаған.

Аталған мәліметті көрген Facebook желісінің қолданушылары өзі туралы мәліметте руды көрсетудің артық екенін жазуда.

Айта кету керек, Айжан Турапова отандық және Ресейдің бай-бағландары жиналатын сауық кештерінің құрметті қонағы ретінде жиі шақырылады.

Ол қос елдегі айтулы іс-шараларға белсене қатысып, тек қана компания басшысы ғана емес, сонымен бірге "ақсүйектер" ортасының белді өкілі екенін де жасырмайды.

Ал бұдан үш жыл бұрын ресейлік сары басылымдар оның Басковпен байланысы барын да жарыса жазған еді.

Сондай-ақ, ол Монакода өткен қайырымдылық кешіне де қатысқан. Кеште оны сазгер әрі әнші Марк Тишманның қасында жүргенін байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1530552-ruynynh-shapyrashty-ekenin-aytqan-kompa.html